Дала күнінде ғылыми жобалардың нәтижелері таныстырылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қыркүйек 2025
  • 99

Дала күнінде ғылыми жобалардың нәтижелері таныстырылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ғалымдардың қатысуымен «Дала күні» іс-шарасы өтті. Жиын Тасбөгет кентіндегі кәріз суын биотазалау стансасы мен ғылыми-зерттеу алаңында ұйымдастырылды.

IMGL1099.jpg

IMGL1119.jpg

Шара барысында «Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында мал азықтық дақылдары мен ағаш екпелерін суару үшін сарқынды суларды қауіпсіз утилизациялау технологиясын әзірлеу» жобасының нәтижелері талқыланды. Жоба аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға және ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға бағытталған.

Университеттің Басқарма мүшесі – Ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева ғылым саласында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, жоба жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Өмірзақовпен бірге бірқатар ғалымдар өз зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ибадулла Таутенов «Малазықтық дақылдарды тазартылған төгінді сулармен суару нәтижелері» туралы баяндаса, химия ғылымдарының кандидаты, профессор-зерттеуші Нұрбол Аппазов «Күріш қауызынан адсорбенттер алу және төгінді лас суларды тазалауда қолдану» бағытында ғылыми жаңалықтарымен бөлісті. Ал ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Өркен Баймаханов «Жерасты суларына тоған суларының әсерін бағалау» тақырыбында тың деректер келтірді. Техника ғылымдарының магистрі Исламбек Құлтан «Күн энергиясын тиімді қолдану тәжірибесі: гибридті инвертордың көрсеткіштері мен инновациялық модельдер» бойынша зерттеу нәтижелерін таныстырса, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Меруерт Көпен «Тәжірибе учаскесінде тамшылатып суару технологиясын зерттеу нәтижелерін» баяндады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Алмасбек Бердібек «Су тапшылығы жағдайында күріш ауыспалы егісінде қант құмайы дақылының су режимін негіздеу» тақырыбында ғылыми тұжырымдарын ұсынды.

IMGL1147.jpg

IMGL1235.jpg

IMGL1331.jpg

Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибелік аймақта жүргізілген жұмыстармен танысып, ғылыми-эксперименталдық құрылғылар көрмесін тамашалады.

«Дала күні» аясында ұсынылған ғылыми зерттеулер Қызылорда облысында су ресурстарын тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің экологиялық тұрақтылығын арттыруға үлес қосатыны атап өтілді.

IMGL1345.jpg

IMGL1474.jpg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...