Қорқыт ата университетінде «JaStar» мерекелік кеші өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қыркүйек 2025
  • 33

Қорқыт ата университетінде «JaStar» мерекелік кеші өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттерге арналған «JaStar» мерекелік кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараға Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Мұрат Айтимов қатысып, білім алушыларға ізгі лебізін жеткізді. Ол жастардың жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, университет өміріне белсене араласуға шақырды.

18.JPG

11.JPG

15.JPG

Қазіргі таңда университетте 22 жастар ұйымы жұмыс істейді. Студенттер оқу үдерісімен қатар осы ұйымдарға қатысу арқылы өз қабілеттерін дамытып, шығармашылықтарын шыңдай алады. Сонымен қатар, ұйымдар студенттерге қоғамдық іс-шараларға араласу мүмкіндігін беріп, белсенді әрі мазмұнды студенттік өмірге жол ашады. Бұл жастардың университет өміріне бейімделуіне, жаңа достар табуына және өз мүмкіндіктерін толық көрсетуіне ықпал етеді.

01-01.JPG

19.JPG

22.JPG

Кеш барысында университеттің өнерлі жастары әсем әндер орындап, би және түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«JaStar» мерекелік кеші жастардың шығармашылық әлеуетін танытуға, студенттік ұйымдардың жұмысын кеңінен насихаттауға бағытталды.

07.JPG

24.JPG

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...