Шағын футболдан турнир өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 31 тамыз 2022
  • 1669

Шағын футболдан турнир өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында, 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай «Экономика және құқық» институты, «AMANAT» партиясы «Тұран» филиалы «СӘУЛЕТ» БПҰ-ның ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир өтті. Тартысты додаға әуесқой аяқдоп шеберлерінен құралған 6 команда қатысты.
Жарыстың әділ әрі ережеге сай өтуіне Қалдыбек Қиясов пен Кенжетай Сыздықов төрешілік жасады. Нәтижесінде «ДиЛМАШ» командасының футболшысы Әділет Сұлтанбек - «Үздік ойыншы», «Бақдаулет» командасынан Нұрдос Жәнібек - «Үздік шабуылшы» номинациясымен марапатталды. Алдына жан салмаған «Экономика және құқық» институтының оғланы Асқат Әлімбетов - «Үздік қақпашы», «6-корпус» командасынан Сұлтан Исламов - «Үздік қорғаушы» номинациясын иеленді.
Жалпыкомандалық есепте турнирдің Бас кубогы «Бақдаулет» командасына табысталды. Екінші орынға «ДиЛМАШ» командасының футболшылары лайық деп танылды. Ал үшінші орынды «6-корпус» командасы еншіледі .
Айта кетейік, оқу орнының түлегі, кәсіпкер Азат Досмаилов турнирдің өтуіне демеушілік жасап, университеттің футбол құрама командасын спорттық киіммен жабдықтады. Сондай-ақ, университетіміздің бірнеше түлегін мамандықтары бойынша жұмысқа қабылдауға ықпал етті.
Азат Бахытбекұлы университет білім алушыларының әлеуметтік жағдайына және мәдени көпшілік іс-шараларға қолдау көрсетіп отырады. Соның бір дәлелі – 2021-2022 оқу жылында әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасы қайтыс болған білім алушының оқу ақысына қаржылай көмек көрсетті.
Турнирдің қорытынды жиынында «Экономика» мамандығы бойынша 2019-2022 жылдары докторантурада бойынша білім алған Азат Бахытбекұлы университеттің «Үздік түлек» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты шараға Стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор Нұрлан Уразбаев, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай және «Экономика және құқық» институты директорының орынбасары Айболат Жүсіпов қатысты.
303953368_558154382720765_1199257176624033748_n.jpg
303905131_558155112720692_2778421820533858846_n.jpg
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...