Бақберген Сәрсенұлының 80 жылдығына арналған Ғылыми кеңес өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қыркүйек 2025
  • 28

Бақберген Сәрсенұлының 80 жылдығына арналған Ғылыми кеңес өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат», «2-дәрежелі Барыс» ордендерінің иегері, экономика ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтың 80 жасқа толуына арналған Ғылыми кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті.

Мәжілісте университеттің Басқарма төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова Бақберген Сәрсенұлына ұжым атынан құттықтау адресатын табыстап, профессордың университетіміз үшін дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

549565884_1365780408624821_3791932091757169841_n.jpg

549616166_1365777681958427_7166681870197967763_n.jpg

«Ел Тәуелсіздік алған 1990-жылдардың басында Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының ректоры болған Бақберген Сәрсенұлының тікелей бастамасымен осы жоғары оқу орнына Ұлы дала философы  Қорқыт Ата есімі берілді. Материалдық-техникалық база және ғылыми-педагогикалық кадрлар құрамын нығайту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бұрынғы  11 педагогикалық мамандыққа қоса, бұрын-соңды болмаған гуманитарлық бағыттар ашылып, мамандықтар саны 37-ге жеткізілді. Осының арқасында пединститут Қорқыт Ата атындағы гуманитарлық университет болып қайта құрылды. Бақберген Сәрсенұлының ғылыми, ұстаздық және ұйымдастырушылық қызметі университет тарихында алтын әріптермен таңбаланған», - деді ректор.

Жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қызылорда ашық университетінің ректоры Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті профессоры, техника ғылымдарының докторы, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Серікбай Қошқаров, мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұрат Бақтиярұлы, «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Шакизада Әбдікәрімов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Бақыт Қалиев, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Серікбаев, «Болашақ» университетінің «Математика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Үмбетов және қоғам қайраткерлері – Сайлаубай Әбішев, Сәдуақас Аңсатов, Ибрагим Әбибуллаев, Нәжмаддин Мұсабаев, Нұрмұрат Ерманов, Саби Ансат бастаған мерейтой иесінің  бір топ замандастары, сыйластары,   достары, университеттің профессор-оқытушылары қатысты.

549780526_1365872845282244_3488028813339770828_n.jpg

551209956_1365780521958143_7863463228295849698_n.jpg

550164476_1365780598624802_4406308711724052189_n.jpg

550697634_1365780428624819_7192784269461325686_n.jpg

Бақберген Сәрсенұлы 1971 жылы С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу басқару институтының құрылыс және қала шаруашылығы факультетін бітірген.
1971 жылы «Күрішкеңшарқұрылыс» тресінің жылжымалы мехколоннасының аға инженері. 
1971 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы, оқытушысы.
 1973 жылдан Мәскеу басқару академиясының аспиранты.
1976 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры.
1996 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры. 
1996 жылы Қызылорда қаласының әкімі, Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілік кеңесінің төрағасы.
1999 жылы ҚР Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан сайланған депутаты.
2005 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
1994 жылы «Қазақстанның демографиялық және еңбек әлеуеттілігін статистикалық тұрғыдан бағалаудың әдіснамасы» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, экономика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды.

Академиктің 12 монографиясы және 120-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген.

547202677_1365873095282219_5895476973644164317_n.jpg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...