Жас ғалымдарға арналған университет грантына конкурс жарияланады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қыркүйек 2025
  • 117

Жас ғалымдарға арналған университет грантына конкурс жарияланады

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған Басқарма төрағасы – Ректор грантына конкурс жариялайды.

Гранттың жалпы сомасы - 30 млн. теңге.

Конкурстың мақсаты - университетте ғылымды дамытуға жағдай жасау, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, сондай-ақ жас ғалымдарды  ынталандыру болып табылады.

Конкурсқа 40  жасқа (толғандарды қоса алғанда) дейінгі университеттің штаттық қызметкерлері мен 1, 2 курс докторанттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу шарттары мен тәртібі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің  Басқарма төрағасы – Ректорының  гранты аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері конкурсын өткізу туралы Ережеде (Ережеге сілтеме) белгіленген.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2025 жылғы 31 қазан (қоса алғанда).

Мерзімнен кейін жіберілген немесе  талаптарға сәйкес рәсімделмеген құжаттар қарастырылмайды.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша төмендегі телефондарға қоңырау шалуға болады: +7 778 6096598, +7 747 673 06 46 

36.jpg

Ғылым департаменті

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...