Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қыркүйек 2025
  • 27

Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова Үшінші жақтағы университеттердің халықаралық қауымдастығы (AIUTA) өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандумның мақсаты - «Үшінші жақтағы университеттер» концепциясын дамыту және ілгерілету, атап айтқанда қарт адамдардың әлеуметтік және мәдени өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Мұндай серіктестік қарттардың білім алуын қолдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған.

549285737_1365027602033435_5587457843814181367_n.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті үшін бұл халықаралық ынтымақтастық өз тәжірибесін байытып, «Күміс университеттер» жобасын дамытуға жаңа серпін берері анық. Сонымен қатар, университет қарт адамдардың білім алу және әлеуметтік белсенділік саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге мүдделі.

Айта кетсек, аталмыш ынтымақтастық туралы меморандум Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Үшінші жақтағы университеттер халықаралық қауымдастығының (AIUTA) президенті, Франциядағы Тулуза университетінің профессоры Франсуа Веллас және қауымдастықтың басқарма мүшесі, Словакияның Братислава Экономика университетінің жанындағы Үшінші жақтағы университет директоры, профессор Янка Себера Хладецканың ресми сапары аясында өтті.

549483315_1365027755366753_4475338231309072114_n.jpg

550462160_1365027692033426_447439808457153312_n.jpg

Сапардың басты мақсаты - халықаралық ынтымақтастықты нығайту, үшінші жаққа арналған білім беру саласында тәжірибе алмасу, Қазақстандағы «Күміс университеттердің» даму стратегияларын талқылау және қазақстандық қауымдастықты халықаралық деңгейге шығару.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...