Мемлекеттік қолдау – сапалы білім мен саналы ұрпақ кепілі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қыркүйек 2025
  • 71

Мемлекеттік қолдау – сапалы білім мен саналы ұрпақ кепілі

Еліміздің білім мен ғылымға деген шынайы қамқорлығының көрінісі мемлекеттік қолдаудан, оқу орнымыздың, қаламыздың, қоғамның өркендеуінен көрінеді. Бүгінде жоғары оқу орындарына көрсетіліп жатқан жан-жақты көмек – жастардың сапалы білім алуына, оқытушылардың кәсіби дамуына, ғылыми жобалардың жүзеге асуына үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Сондай мүмкіндіктерді пайдаланып, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығында осымен үшінші жыл білім алып жатқан студент ретінде университетімізге бөлініп жатқан қаржылай қолдау, заманауи оқу ғимараттарының салынуы, зертханалардың жаңартылуы, шетелдік тәжірибеден өтуге берілетін гранттар – мұның бәрі білім сапасын арттыруға бағытталған игі бастамалар екенін жақсы түсінемін. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттерге ұсынылатын жеңілдіктер мен жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары да – осы мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

553125822_1127700152872144_7843470268675612777_n.jpg

550538018_1127700199538806_4991635406305011537_n.jpg

Бұл қолдау – болашақ мамандардың сапалы қалыптасуына негіз болатыны сөзсіз. Бүгінгі студент – ертеңгі елдің тірегі. Бізге жасалған қамқорлық пен сенім – Отанымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге жігер береді. Елдің игілігі жолында білім алып, көк туымызды асқақтатар азамат болып қалыптасу – әрқайсымыздың парызымыз. Еліміздің өркендеуіне үлес қосар білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында жасалып жатқан бұл қамқорлық үшін мемлекетке зор алғыс білдіреміз!

550537316_1127700276205465_423095391114410371_n.jpg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...