Жастарға жасалған қолдау – мемлекет болашағына салынған инвестиция
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қыркүйек 2025
  • 63

Жастарға жасалған қолдау – мемлекет болашағына салынған инвестиция

«Еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында», – деп Ел Президенті жастарға әрдайым зор сенім артып келеді. Шынында да, мемлекетімізде жастарға қолдау көрсету бағытында ауқымды мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл қолдаулар – әрбір жас ұрпақтың арманын ұштап, өз әлеуетін ашуына жасалған нақты қадамдар. Әсіресе мектепті бітіріп, студент атанатын түлектер алдында үлкен жол ашылатыны қуантады. Жыл сайын мемлекет тарапынан көптеген мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артып келеді. Бұл дегеніміз қалаған мамандығының иесі болуға және шәкіртақы алу арқылы әлеуметтік қолдауды сезінуге мүмкіндік алады.

551110754_1282765373595299_2544581897357866095_n.jpg

550697192_1282766240261879_2343210318499574607_n.jpg 547938004_1282768660261637_3505279854243248814_n.jpg

Сол мүмкіндіктердің жарқын үлгісін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен айқын көріп келемін. Университетімізде Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы ретінде қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Қазіргі таңда Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студентімін. Біздің университетіміздің жастарға деген қолдауы орасан зор. Әрбір студенттің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына жағдай жасалған.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әлемнің түкпір-түкпіріне барып, білім алуға жол ашық. Соның бір дәлелі – біздің жастардың Түркия мемлекетінде тәжірибе алмасып қайтуы. Мұның бәрі – студенттің жүйелі дамуына бағытталған қамқорлықтың айқын көрінісі.

Ең бастысы – белсенділік пен қоғамдық өмірге араласқан студентке ерекше қолдау жасалып отыр. Соның ішінде ақылы бөлімде оқитын студенттерге оқу ақысына және студенттер үйінде тұруға жеңілдікдер қарастырылуы – жастарға жасалған зор мүмкіндік. Бұл – Қорқыт университетінің студентке деген шынайы жанашырлығы мен қамқорлығының айғағы.

553367309_1282769713594865_4756749678047825806_n.jpg

552667116_1282770616928108_784980298024972934_n.jpg

Осы қасиетті қара шаңырақта оқып жүргенімді мақтан етемін. Өйткені бұл – тек білім ордасы ғана емес, әрбір жастың болашаққа бастар үлкен жолы, арман мен мүмкіндіктің тоғысқан киелі мекені.

Мен Отанымның патриоты ретінде көк туымызды әрдайым биіктерден көрсетуге ат салысамын деп уәде беремін!

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...