Қытайлық компания өкілдерімен кездесу өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2025
  • 119

Қытайлық компания өкілдерімен кездесу өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Қытайдың бірқатар жоғары технологиялық компанияларының өкілдері іссапармен келді. Қонақтарды Басқарма төрағасы–Ректор Бейбіткүл Каримова қабылдады.

Қытайлық компаниялар заманауи дрондар мен робототехника саласында жұмыс істейді. Делегация мүшелері Қазақстанда осы бағыттағы ғылыми-практикалық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін атап өтіп, дрондарды құрастыру, жинақтау және жаңа технологиялық шешімдерді дамыту бойынша университетпен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

China03.JPG

China05.JPG

China02.JPG

China04.JPG

China06.JPG

Кездесу барысында тараптар университет пен компаниялар арасында ынтымақтастық орнату, бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық серіктестікті кеңейту арқылы білім, ғылым және инновация саласында жаңа бастамаларға жол ашуды жалғастыруда.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...