Ән-Ел Айтжанбек: «Академиялық ұтқырлық – болашағыма үлкен мүмкіндік»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қыркүйек 2025
  • 88

Ән-Ел Айтжанбек: «Академиялық ұтқырлық – болашағыма үлкен мүмкіндік»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті Ән-Ел Айтжанбек қазіргі таңда Түркия Республикасындағы Анкара Музыка және бейнелеу өнері университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда.

Түркияға алғаш барған сәттен-ақ Ән-Ел ерекше әсерге бөленген.
«Алғаш келгенде адамдардың қонақжайлығы мен қаланың әсемдігін бірден сезіндім. Университеттегі алғашқы күнім қобалжумен басталғанымен, оқытушылар мен студенттердің жылы қабылдауы көңіл-күйімді көтерді», – дейді.

Оның айтуынша, жаңа ортада достасу да қиынға соқпаған. Түрік студенттерінің ашық-жарқын мінезі өзара қарым-қатынасты жеңілдеткен.
«Өте тез әңгімеге тартады, сондықтан жаңа ортаға бейімделу оңай болды», – деп атап өтті.

Ән-Елді таңғалдырған басты айырмашылық – студенттердің сабақтан тыс қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы.

Түрік халқының дәстүрлері де жас студентті қызықтырған.
«Шай ішу мәдениеті және отбасылық бірлікке аса мән беруі қатты ұнады. Ал асханасынан алғаш тост пен пидеден дәм таттым, дәмі ұмытылмас болды», – дейді Ән-Ел.

Бос уақытында тарихи жерлерді аралап, жаңа достарымен қаланы тамашалауды әдетке айналдырған. Жергілікті жастар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып, көбіне ұлттық тағамдар мен Астана, Алматы қалалары туралы сұрайды.

«Маған студенттердің бір-бірін қолдап, бірге уақыт өткізетін мәдениеті қатты ұнайды. Осындай дәстүрді Қазақстанға алып келгім келеді», – дейді Ән-Ел.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оның болашағына да оң әсерін тигізуде.

«Бұл тәжірибе – кәсіби дамуыма, көзқарасымның кеңеюіне үлкен ықпал етеді. Елге оралғанда ең бірінші Түркия халқының қонақжайлығын және студенттік өмірдің ерекшелігін қуана бөлісетін боламын», – дейді студент.

Академиялық ұтқырлық – тек жаңа ортада білім алу емес, сонымен бірге өзге елдің мәдениетін танып, жаңа көзқарас қалыптастыру. Ән-Ел Айтжанбек – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып жүрген студенттердің бірі.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...