Қорқыт ата университеті волейболдан республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қыркүйек 2025
  • 56

Қорқыт ата университеті волейболдан республикалық турнирде жүлделі орындарға ие болды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері волейболдан өткен республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Аталған жарыс ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессоры Бақберген Сәрсенұлы Досманбетовтың 80 жылдық мерейтойы мен Қызылорда «Болашақ» университетінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жалпы жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 10 команда бақ сынады. Нәтижесінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрама командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің командасы ие болды. Ал үшінші орынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қорқыт жас» командасы жеңіп алды.

     WhatsApp Image 2025-09-25 at 16.57.50.jpeg        WhatsApp Image 2025-09-25 at 16.57.49.jpeg      

Бұл жетістік – университет жастарының спорт саласындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. Қорқыт ата университеті білім мен ғылымнан бөлек, спортта да биік белестерді бағындырып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...