Әділет Ерланұлы: «Бұл сапар менің көзқарасымды түбегейлі өзгертті»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қыркүйек 2025
  • 74

Әділет Ерланұлы: «Бұл сапар менің көзқарасымды түбегейлі өзгертті»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті Әділет Ерланұлы қазіргі таңда Бельгияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.
Әділеттің айтуынша, Еуропа елінде алғашқы қадамынан-ақ ерекше әсерге бөленген:
«Бельгияға алғаш келгенде мұндағы сұлулық мені таңғалдырды. Табиғаты жасыл, ауасы таза әрі сергітеді», – дейді.
Бағдарламаға іріктеу барысында студент ағылшын тілі емтихандарынан сүрінбей өтіп, Бельгияға жолдама алған. Ал ең көп уайымдағаны – бейімделу мәселесі болған екен. «Университеттегі жастармен сөйлесу қиын болады деп ойладым. Бірақ жергілікті студенттер өте мейірімді, алғашқы күннен-ақ жаңа достар таптым», – дейді Әділет.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 10.35.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-09-26 at 10.35.36 (1).jpeg    WhatsApp Image 2025-09-26 at 10.35.35 (1).jpeg

Әділет Бельгия мен Қазақстандағы білім беру жүйесінің айырмашылығына да тоқталды. Оның айтуынша, мұнда сабақтар ұзақ әрі емтихан жүйесі өзгеше:
«Қазақстанда сабақтар 45 минутқа созылса, мұнда лекциялар 2-4 сағатқа дейін өтеді. Сондай-ақ бізде аралық бақылаулар бар, ал Бельгияда тек екі емтихан ғана: бірі қарашада, екіншісі қаңтарда өтеді», – дейді студент.
Жергілікті мәдениетте ең қатты таңғалдырған нәрсе – елдің көптілділігі. Әр аймақта француз, нидерланд және ағылшын тілдері әртүрлі қолданылады. Ал қиындықтардың бірі – сабақтардың толық ағылшын тілінде жүргізілуі болған. «Әсіресе математикалық терминдер қиындау тиді. Бірақ тобымда орыс тілінде сөйлейтін студенттердің болуы жеңілдетті», – деп бөлісті ол.

WhatsApp Image 2025-09-26 at 10.35.36.jpeg

WhatsApp Image 2025-09-26 at 10.35.37.jpeg

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студентке үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті:
«Бұл бағдарлама менің көзқарасымды кеңейтті. Бір орында қалып қоймай, жаңа ортада тәжірибе жинау өмірді басқа қырынан көруге мүмкіндік береді», – дейді Әділет.
Бельгиядағы тағамдардан ол Қазақстанға «фри картобын» алып келгісі келетінін айтты. Ал туған жеріне оралған соң ең алдымен ет тағамдарын, әсіресе лагманды жегісі келетінін жасырмады.
«Мұнда жүріп көп нәрсе үйрендім. Қазақстанға оралған соң осы тәжірибені өз болашағыма, мақсаттарыма пайдаланып, игі істерге жұмсамақпын», – дейді студент.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...