Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасуға болады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қыркүйек 2025
  • 50

Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасуға болады

Жоғарғы оқу орнында үздік білім көрсеткішімен дараланып, кәсіби дағдысын айқындай білген түлектер үшін мемлекеттік қызметтің есігі ашық. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушыларымен өткен кездесуде айтты. Жиын барысында студенттерге Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мемлекеттік қызметті цифрландырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, елді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру, басқару процестеріне жасанды интеллект енгізу, платформалық экономика дамыту және үлкен деректер технологияларын қолдану мақсаттары түсіндірілді. Сонымен қатар тиімді мемлекеттік басқару, жүйедегі көшбасшылықты дамыту және адами ресурстарды басқару сапасын арттыру мәселелері сөз болды. Агенттік төрағасы сондай-ақ жастарды этика, ашықтық және есептілік қағидаларына ерекше назар аударуға шақырды. «Сапалы кадрды ешкім сырттан әкеліп бермейді. Олар қоғамның ішінде. Біз сапалы кадрды тауып, мемлекеттік аппаратқа тартып, іріктеп алу арқылы кәсіби мемлекеттік қызметкерлердің жаңа легін қалыптастыруды көздейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек», – деген болатын. Осы орайда, адал азамат әділетті Қазақстанның қозғаушы күші», – деді Дархан Медеғалиұлы.

IMGL2549.jpg

IMGL2477.jpg

IMGL2433.jpg

IMGL2374.jpg

Шарада сөз алған университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева оқу орны мен агенттік арасындағы ықтимал әріптестік бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар, ғылыми жобалар мен білім алмасу бағдарламалары арқылы болашақ мемлекеттік қызметшілерді даярлауда университеттің әлеуетін таныстырды.
Басқосуда студенттер мемлекеттік қызметті дамыту, кадр даярлау жүйесін жетілдіру және цифрлық басқаруға қатысты сұрақтарын агенттік Төрағасына тікелей қоюға мүмкіндік алды. Сауалдарға нақты әрі жан-жақты жауап беріп, жастардың белсенділігіне оң баға берген Дархан Медеғалиұлы  білім мен тәжірибе жинақтауға баса назар аударуға кеңес берді. Мотивациялық кездесу соңында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебін бітіріп, оқу ордасының жұмысына белсенді араласқан түлектер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хаты және авторлық кітабымен марапатталды.

IMGL2723(1).jpg

IMGL2649.jpg

IMGL2701.jpg

IMGL2737.jpg


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...