«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ әскери кафедраның төмендегі бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2025
  • 22

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ әскери кафедраның төмендегі бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

р/с

Бос орын атауы

Штаттық  бірлік

Ескерту

1

Бас маман

1

Құжаттамамен жұмыс тәжірибесінің болуы, азаматтық жоғары білімі болуы

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Бас маман білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі №375 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери қызметшілер мен мерзімді әскери қызметшілерді әскери есепке алу қағидалары» 2023 жылғы 28 қазандағы №1100 бұйрығы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бекіту туралы". 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV ЗРК, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы, «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасының заңдары және әскери білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер; құпия жазбаларды жүргізу ережелерін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін.  
Бас маманның біліктілік талаптары: Құжаттамамен жұмыс тәжірибесі бар, қазақ және орыс тілдерін, компьютерлік технологияларды сенімді меңгерген, азаматтық жоғары білімі болу керек.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.10.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28. 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...