«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығының төмендегі бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қыркүйек 2025
  • 14

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығының төмендегі бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

р/с

Бос орын атауы

Штаттық  бірлік

Ескерту

1

Ғылыми қызметкер

1

мамандығы бойынша сәйкесінше жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы

Конкурсқа қатысу үшін келесі  құжаттарды тапсыру қажет:
1) конкурсқа қатысу үшін өтініш; 
2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;
4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);
8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Ғылыми қызметкер білуі тиіс: Жүргізіліп жатқан зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттерін, осы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпаратты, зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдістері мен құралдарын, эксперименттер мен бақылаулар жүргізу, ақпаратты жинақтау және өңдеу әдістерін, оның ішінде электрондық-есептеу техникасын қолдану арқылы, ғылым туралы заңнаманың негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

Ғылыми қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары: мамандығы бойынша сәйкесінше жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Ғылыми дәрежесі, докторантураны аяқтауы немесе тағылымдамадан өтуі болған жағдайда — жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.10.2025ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28. 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...