Ректор Әлем чемпионы Дильназ Ашықбайды қабылдады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 29 қыркүйек 2025
  • 59

Ректор Әлем чемпионы Дильназ Ашықбайды қабылдады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова грепплингтен Әлем чемпионы атанған студент Дильназ Ашықбайды қабылдады. 
Кездесуде ректор спортшы арудың жетістігін жоғары бағалап, оның университет абыройын асқақтатқанын атап өтті. Сонымен қатар, білім мен спортты ұштастыра білген табандылығы жастарға үлгі екенін айтып, жаңа жеңістер тіледі.

IMGL2828.jpg

IMGL2849.jpg

Айта кетейік, Дильназ 16–17 қыркүйек күндері Ақтау қаласында өткен байрақты бәсекеде 25 мемлекеттен жиналған 700-ден астам жекпе-жек шеберлері арасынан үздік шығып, 1-орынды иеленген болатын.
Жас чемпионның бұл жетістігі – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мерейін үстем етіп қана қоймай, студент жастарға жаңа белестерді бағындыруға жігер сыйлады.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...