Ардагерлер турнирінде Қорқыт ата университеті үздік үштіктен көрінді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қыркүйек 2025
  • 96

Ардагерлер турнирінде Қорқыт ата университеті үздік үштіктен көрінді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің командасы ардагерлер арасында өткен шағын футболдан облыстық турнирге қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.

WhatsApp Image 2025-09-30 at 10.51.36.jpeg

Аталмыш турнир №6 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің директоры қызметін атқарған Сәрсенбек Қиятбаев пен университеттің «Дене тәрбиесі» кафедрасын ұзақ жылдар басқарған Марат Алибековты еске алуға арналды.
Турнирге облыстың ардагер футболшыларынан құралған алты команда қатысты. Атап айтсақ, «Мелиоратор», «ОтбасыБанк», «Қорқыт ата университеті», «Сырдария», «Жалағаш» және ТОО «Жібек».

WhatsApp Image 2025-09-30 at 10.51.35.jpeg

WhatsApp Image 2025-09-30 at 10.51.36 (1).jpeg

Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынға «ОтбасыБанк» командасы ие болды. Екінші орынды «Мелиоратор» командасы иемденсе, үшінші орынға «Қорқыт ата университеті» командасы лайық деп танылды.
Университет ұжымын және барлық қатысушыларды осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...