Идеяңды іске асыр – Kyzylorda Idea Battle қатысушыларын күтуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қыркүйек 2025
  • 74

Идеяңды іске асыр – Kyzylorda Idea Battle қатысушыларын күтуде

Kyzylorda Hub өңірдегі ең ауқымды стартап-байқау – «Kyzylorda Idea Battle»-ға қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын ресми түрде хабарлайды. 10 қазан күні Қызылорда облысының барлық тұрғындары өздерінің инновациялық бизнес-идеяларын ұсынып, 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры мен жоғары оқу орнына білім грантын ұтып алуға мүмкіндік алады.

Байқаудың негізгі мақсаты – аймақтағы кәсіпкерлік экожүйені дамыту, жас таланттардың инновациялық идеяларына қолдау көрсету және олардың жобаларын нақты бизнеске айналдыруға көмектесу. Бұл – өз идеясына сенетін, бірақ оны қалай жүзеге асыруды білмейтін жандарға арналған бірегей мүмкіндік.

Байқау жеңімпаздарын қомақты жүлде күтеді: жобаны дамытуға арналған 1 000 000 теңге қаржылай сыйлық. Сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін ерекше мүмкіндік қарастырылған – жоғары оқу орнына білім гранты. Бұл жас буынды ғылым мен технологияға ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Байқауға қатысу үшін дайын бизнес-жоспардың немесе команданың болуы міндетті емес – тек технологиялық, жаңашыл идея болса жеткілікті. Қатысушылар өз идеяларын сарапшылар алдында қорғап, құнды кері байланыс алып, жобаларын жетілдіруге мүмкіндік алады.

«Біздің өңірде талантты, идеясы бар жастар өте көп. Kyzylorda Idea Battle – сол жастарға өздерін көрсетуге, идеяларын сарапшылар алдында сынап көруге және армандарын жүзеге асыруға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік беретін алаң. Біз ең батыл идеяларды күтеміз», – дейді Kyzylorda Hub жетекшісі Тубекбаев Жанарыс.

Өтінімдерді қабылдау 10 қазанға дейін жалғасады. Байқауға қатысу және толық ақпарат алу үшін ресми сайтқа кіріңіз: www.kyzylordahub.kz

WhatsApp Image 2025-09-30 at 11.44.37.jpeg

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...