«Зейін-2025» қалалық білім олимпиадасының жеңімпаздарына Қорқыт ата университетінің гранттары табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қыркүйек 2025
  • 45

«Зейін-2025» қалалық білім олимпиадасының жеңімпаздарына Қорқыт ата университетінің гранттары табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қала жастарының білімге деген құштарлығын қолдау мақсатында «Зейін-2025» қалалық білім олимпиадасының жеңімпаздарына білім гранттарын табыстады.

WhatsApp Image 2025-09-30 at 16.34.30.jpeg

WhatsApp Image 2025-09-30 at 16.34.28 (2).jpeg

ZEYIN_140 оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен олимпиадаға 800-ге жуық талапкер өтініш білдіріп, 300-ден аса оқушы бақ сынады. Жарыс қорытындысында ең үздік деп танылған 100 оқушыға бағалы сыйлықтар табыс етілсе, үздіктер арасынан дара шыққан 3 оқушы Қорқыт ата университетінің білім гранттарына ие болды.
Гранттарды университеттің Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректоры Мұрат Айтимов табыстап, жеңімпаздарды құттықтады. Ол өз сөзінде университет әрқашан білімді жастарды қолдауға дайын екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-09-30 at 16.34.28 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-09-30 at 16.34.27.jpeg

Қорқыт ата университеті алдағы уақытта да білімді, талапты жастарға қолдау көрсетіп, олардың жарқын болашағына жол ашуды жалғастыра береді.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...