Филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева – «Парасат» орденінің иегері
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 қазан 2025
  • 174

Филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева – «Парасат» орденінің иегері

Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім саласының дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар ұстаздарға құрмет көрсетіп, мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл салтанатты шара – отандық ғылым мен білім саласына көрсетілген жоғары құрметтің белгісі.
 
Құрмет төрінен көрінген ұстаздардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Парасат» орденімен наградталды.
219bfa5f-2bdb-4672-955d-dd8fde1a6583.jfif
377288ce-10ae-43f6-a02a-cca6708a1254.jfif
 
Ұлжан Нахатқызы 1954 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қызылорда қаласындағы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін 1971 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. 
Жоғары оқу орнын аяқтаған соң 1975-1983 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы №171 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 
1983-1984 жылдан бері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент;
1984-1990 жылдары оқытушы, 1990-1996 жылдары аға оқытушы және 2007-2024 жылдары профессор қызметін атқарып келеді. 
1988-1990 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің аспирантурасында оқып, 1990 жылдың 14 желтоқсанында филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 
1990-1997 жылдары қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 2000 жылдары сырттай білім беру және қайта мамандандыру институтының педагогикалық мамандықтар бойынша деканы қызметін атқарды. 
2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесінің шешімімен Ұлжан Жанбершиеваға Қазақ әдебиеті және журналистика кафедрасының Академиялық профессоры атағы берілді.
Ұлжан Нахатқызы 7 оқу-әдістемелік құрал, 6 монография, 5 әдеби-зерттеу еңбек, 300 - ден астам ғылыми мақалалардың авторы.
 
Сонымен қатар, білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «ҚР-ның Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «ҚР Білім беру ісінің үздігі төсбелгісімен» марапатталды.
 
orden.jpg
 
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ұлжан Жанбершиева Сыр өңіріндегі білім ордасы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосып келе жатқан ұстаз, ғалым. Министрліктің қаржыландырумен жүзеге асып жатқан 2 ғылыми жобаның жетекші ғылыми қызметкері.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде қызмет атқарған жылдарында Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін зерттей отырып, Сыр өңірі ақын-жазушыларының шығармаларын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеген бірден бір ғалым.
 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұжымының атынан Ұлжан Нахатқызына зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
 
Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...