1 қазан - Қарттар күніне арналған "Қарттарым - Асыл  қазынам" атты танымдық шара өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 қазан 2025
  • 31

1 қазан - Қарттар күніне арналған "Қарттарым - Асыл  қазынам" атты танымдық шара өтті

Шарада экология саласында қызмет еткен ардагерлермен кездесу өткізілді. Шараға Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінде қызмет атқарған қазіргі таңда зейнеткерлік демалыстағы ардагер мамандар арнайы шақырылды. Атап айтсақ И.Ж.Әлиев және К.Т. Нұрпейісова - 1990 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша негізгі заңнамалық құжаттардың жазылуына зор үлес қосқан эксперт мамандар. Әлиев Ибрагим Жетібайұлы - зертханалық талдау және бақылау, табиғатты пайдалану экономикасы бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының директоры. Қоршаған ортаны қорғау республикалық қорының бөлім бастығы, басқарма бастығы. Қоршаған орта қорғау департаментінің директоры, Жамбыл және Қызылорда облыстарының экология департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қорының сарапшысы болды. Нұрпейісова Катира Темірханқызы Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін форматта әңгіме сұхбат жүргізілді. Ардагерлермен кездесуді «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» БББ-ның Экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламасының профессор оқытушылары Н.Ә. Тоғызбаева, С.Ж. Кужамбердиева және  Э-24-1, Э-25-1 оқу топтары ұйымдастырды. 

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...