Отбасылық дағдарыстың себептері мен салдары
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 қазан 2025
  • 86

Отбасылық дағдарыстың себептері мен салдары

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «АнгарСпецСтрой» ЖШС  арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі келісім-шарт жасалды. Бұл ынтымақтастық қазіргі қоғамда өзекті болып отырған отбасылық дағдарыс мәселелерін жан-жақты зерттеуге бағытталып отыр.

Жоба тақырыбы – «Отбасылық дағдарыс факторлары: ажырасудың себептері мен салдары эмпирикалық зерттеулер негізінде». Зерттеу барысында отбасылық институттың тұрақтылығына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және мәдени факторлар кешенді түрде талданады.

Зерттеу тобының жетекшісі – «Экономика және басқару» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Абай Шайнуров. Университет ғалымдары мен мамандары тәжірибелік-эмпирикалық әдістерді қолданып, алынған мәліметтер негізінде ғылыми қорытындылар әзірлейді.

Айта кету керек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «АнгарСпецСтрой» ЖШС арасындағы ғылыми ынтымақтастық жүйелі түрде дамып келеді. Бұған дейін де тараптар бірлескен ғылыми жобаларды сәтті жүзеге асырып, зерттеу нәтижелерін айналымға енгізу бойынша оң тәжірибе жинақтаған.

Бұл жоба қоғамдағы отбасылық институттың берік әрі тұрақты болуы үшін маңызды факторларды анықтауға және оларды шешу жолдарын ұсынуға септігін тигізеді деп күтілуде.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 16.26.33.jpeg

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...