Психологиялық қолдау орталығының мамандары кездесу өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 02 қазан 2025
  • 59

Психологиялық қолдау орталығының мамандары кездесу өткізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Психологиялық қолдау орталығының мамандары жаңа оқу жылы қарсаңында университеттің барлық институттары мен жатақханаларында білім алушылармен кездесті.

Басқосуда студенттерге орталықтың қызмет бағыттары, көрсетілетін психологиялық қолдау түрлері, сонымен қатар жеке және топтық кеңес алу мүмкіндіктері жөнінде толыққанды ақпарат берілді. Психолог-мамандар жастардың оқу барысында кездесетін түрлі мәселелерін жеңілдетуге, өмірлік қиын жағдайларды еңсеруіне кәсіби көмек көрсетудің маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.47.01.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.47.02 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.47.02.jpeg

Сонымен қатар, мамандар жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, студенттердің жан-жақты дамып, үздік жетістіктерге қолжеткізуіне тілектестік білдірді.

Университет басшылығы мен Психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері алдағы уақытта да білім алушылардың жан-жақты дамуы мен рухани қолдауына бағытталған түрлі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.  


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...