Студенттер испаниялық зауытта тәжірибе жинақтайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 03 қазан 2025
  • 65

Студенттер испаниялық зауытта тәжірибе жинақтайды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Roca Group Kazakhstan» компаниясының өкілімен ресми кездесу өтті. Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Каримова басқосуға онлайн режимде қатысып, әріптестік байланыс білім алушылардың еңбек нарығына тез бейімделуіне мүмкіндік ашатынын жеткізді.

Сонымен қатар тараптар студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылады.  

IMGL4432.jpg

IMGL4395.jpg

IMGL4447.jpg

Іскерлік кездесуге Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева, «Roca Group» компаниясының операциялық директоры Илья Шамшин және «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Досхан Иманбеков, инвестицияларды тарту департаментінің басқарма басшысы Жәнібек Құлмағамбетов қатысты.

«Roca Group Kazakhstan» компаниясының өкілі университетпен әріптестіктің болашағына сенім білдіріп, білім грантын бөлуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ техникалық мамандықтарда оқитын студенттерді өндірістік тәжірибе алаңына тарту жоспарымен бөлісті. Одан бөлек әлеуметтік жобалар мен инновациялық бастамалар жайы да кеңінен сөз болды.  

IMGL4451.jpg

IMGL4463.jpg

Айта кетсек, испаниялық компания Қызылорда қаласында сантехникалық жабдықтар шығаратын жаңа зауыт салуды жоспарлап отыр. Құрылыс материалдарын өндіретін комбинат - орта Азиядағы ең ірі өндіріс ошағының бірі болмақ. Ұзақмерзімді серіктестік аясында шетелдік кәсіпорынның өндіріске қажетті мамандар шоғыры университет түлектерінен жасақталмақ. 

 
Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...