Қорқыт ата университеті - түрлі мәдениеттер тоғысқан орда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қазан 2025
  • 17

Қорқыт ата университеті - түрлі мәдениеттер тоғысқан орда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік студенттер мен шетелден келіп дәріс оқып жатқан профессор-оқытушыларға арналған “CULTURAL CONNECTIONS” атты халықаралық бағыттағы іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту, түрлі елдерден келген студенттердің өзара мәдени байланысын нығайту және олардың оқу ордасының әлеуметтік-мәдени өміріне бейімделуіне жағдай жасау.

IMGL4764.jpg

IMGL4500.jpg

IMGL4520.jpg

IMGL4748-1.jpg

Шарада Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева сөз сөйлеп, университеттің халықаралық бағыттағы жетістіктеріне тоқталды. Ол шетелдік студенттерге Қорқыт ата университетін таңдағаны үшін алғысын білдіріп, оқу жылына сәттілік тіледі.

Биылғы оқу жылында бакалавриат бағдарламасына 687 шетел азаматы ақылы, 6 шетел азаматы грант негізінде, ал магистратураға 6 шетел азаматы ақылы негізде қабылданды.

IMGL4648-1.jpg

IMGL4515.jpg

IMGL4845.jpg

Қазіргі таңда университетте Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан келген білім алушылар оқиды.

Кездесу барысында шетелдік студенттер өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, ұлттық ән мен би орындалды. Бұл шара әртүрлі ұлт өкілдерінің достығын нығайтып, көпмәдениетті білім ордасында рухани байланыстарды тереңдетуге ықпал етті.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...