Тастаяқ турнирі тартысты өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қазан 2025
  • 30

Тастаяқ турнирі тартысты өтті

Білім мен ғылымға терең бойлап, ой маржанын сүзген профессор-оқытушылар құрамы бильярд бәсекесінде шеберлік байқасты. Зияткерлік өріс пен физикалық қабілетті арттыратын сайысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Тастаяқ – қозғалыс һәм спорт. Өйткені жайбасар деген адамның өзі ойынның бір партиясында 3-4 шақырым жаяу жүріп тастайтынын аңғара бермейді. Салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін турнир – 1-қазан Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Әлеуметтік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Жандос Базартай турнир қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ сайыстың ұстаздар мен қызметкерлерге құрмет көрсету, университет ұжымының бірлігін нығайту және әріптестік байланысты арттыруға бағытталғанын атап өтті.  

Достықты ту еткен турнир  қорытындысы бойынша Экономика және құқық институты жеңімпаз атанды. Ал  II-орынды Педагогига және дәстүрлі өнер институты иеленді. Үздік үштікті Ректорат командасы қорытындылады. Бильярд бәсекесінің жүлдегерлеріне Кәсіподақ комитетінің қолдауымен бағалы сыйлықтар табысталды.  

 
Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...