Қорқыт ата университеті V Халықаралық эндаументтер форумына қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 қазан 2025
  • 47

Қорқыт ата университеті V Халықаралық эндаументтер форумына қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Эндаументтер және тұрақты даму: болашаққа инвестициялар» тақырыбындағы V Халықаралық эндаументтер форумына қатысты.

Биылғы форум қатысушылар саны мен спикерлердің географиясы бойынша рекорд орнатып, АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия сынды елдердің сарапшыларын және отандық жоғары оқу орындарының эндаумент қорларын біріктірді.

Форумның негізгі мақсаты – университет түлектері мен бизнес қауымдастық арасында сенім мен серіктестік мәдениетін қалыптастыру. Бұл жоғары білімнің тұрақты дамуының берік іргетасы саналады.

Жиын барысында әлемдегі эндаумент қорларының даму үрдістері, университеттік эндаументтерді құру және тиімді басқару тәжірибелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, практикалық мастер-кластар ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын арттыру жолдары қарастырылды.

Айта кетерлігі, елімізде «Эндаумент туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы үлкен жетістік. Бұл бастама алғаш рет дәл осы форумның алғашқы жиынында көтерілген болатын.

WhatsApp Image 2025-10-07 at 16.56.50.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-07 at 16.56.51.jpeg

Форум аясында «Korkyt Ata Endowment» корпоративтік қорының директоры Маржан Базарханова эндаумент қорларының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің арнайы марапатына ие болды.

Құттықтаймыз! 


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...