Ғасырлық тарих – жастар жүрегінде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қазан 2025
  • 27

Ғасырлық тарих – жастар жүрегінде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл толуына орай «Жастар – жалын, Жастар – арман, Жастар – кемел болашақ» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, тарихи сананы жаңғырту және Қызылорданың ел дамуындағы маңызды орнын ұрпақ жадында жаңғырту.

Думанды кеште сөз алған Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай қала тұрғындары мен қонақтарын ғасырлық мерейтоймен құттықтады.

IMGL4950.jpg

IMGL4888.jpg

«Аймақтың басты жоғары білім беру ордасы - ғасыр бедерінде қасиетті шаһармен тамырлас, тағдырлас, дамуымен үндес десек болады. Біз қаламен бірге өсіп, бірге өркендедік. Университеттің профессор-оқытушылары мен түлектері өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және білім беру салаларын қалыптастыруға тікелей атсалысты. Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз – келбеті көркем қаланың келесі ғасырлық дамуына лайықты білікті кадрлар даярлау. Сол себепті бүгінгі шараға «Жастар – жалын, Жастар – арман, Жастар – кемел болашақ» деп айдар тағып отырмыз», - деді проректор.

IMGL4927.jpg

IMGL4911.jpg

Мерекелік кеш барысында университеттің дарынды студенттері өнерлерін ортаға салып, туған өлкені сүю, елжандылыққа үндейтін әндер шырқады. Университет қабырғасында құрылған би топтары ұлттық композицияға негізделген шығармаларға мың бұрала биледі. Отансүйгіштік, туған жерді аялауға баулитын концерттік бағдарламаны тамашалауға келген көзі қарақты көрермен өнерпаздарға алғаусыз ризалығын білдіріп, риясыз қол соқты.


 Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...