Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қазан 2025
  • 51

Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорданың астана болғанына 100 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мазмұнды шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бірлесіп ұйымдастырды. Конференция аясында ғылыми-кеңес сарапшылар отырысы, екі секцияның жұмысы және пленарлық отырыс өткізілді.

Пленарлық отырыстың модераторы – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет болды. Шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова «Өңір дамуындағы университет ғалымдарының үлесі» тақырыбында баяндама жасады.

IMGL6000.jpg

IMGL5920.jpg

IMGL5908.jpg

Сонымен қатар конференция жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, республикалық ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы Айгүл Сәдуақасова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов, Ескишехир Османгази университетінің оқытушысы Метин Эрдоган, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті» директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев және Қорқыт ата университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев баяндама жасап, өз ғылыми ой-пікірлерімен бөлісті.

Республикалық ғылыми-сарапшылық кеңесте – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнура Бурибаева университеттің 90 жылдығына арналған жоспарымен бөлісті. Отырыс модераторы сондай-ақ Сеул ұлттық ғылыми-технологиялық институтымен жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жобалар жөнінде баяндады.

IMGL5990.jpg

IMGL5933.jpg

IMGL6248.jpg

Жиында сонымен қатар Қызылорда облыстық ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айтжан Оразбақов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай атқарылған шаралар және бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жобалар туралы баяндама оқыды.

Конференцияның қос секциялық жұмыстарына еліміздің түрлі өңірінен келген тарихшылар, ғалымдар, докторанттар, педагогтер мен өлкетанушылар қатысты.

Бірінші секцияда – «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірінің даму үдерісі», екінші секцияда – «Қазақстандық этносаралық келісім моделінің қалыптасу жолдары» тақырыбында ғылыми баяндамалар тыңдалды.

Халықаралық деңгейде өткен бұл ғылыми алаң Сыр өңірінің тарихи, мәдени және әлеуметтік даму ерекшеліктерін терең талдап, этносаралық татулық пен бірлік идеяларын насихаттауға бағытталып отыр.

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...