Сарқынды суды кәдеге жарату қажет
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қазан 2025
  • 53

Сарқынды суды кәдеге жарату қажет

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Климаттық өзгеріс жағдайында су тапшылығының алдын алудың ғылыми, практикалық қолданбалы негіздерін жасау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Танымдық шара «Қызылорда облысында су тапшылығы жағдайында мал азықтық дақылдары мен ағаш екпелерін суару үшін сарқынды суларды қауіпсіз утилизациялау технологиясын әзірлеу» жобасы аясында өткізіліп отыр. Семинар-кеңесте негізінен климаттың өзгеруі мен су тапшылығы жағдайында аймақтың ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған ғылыми шешімдерді талқылау және тәжірибе алмасу тетіктері сараланды. Сондай-ақ жоба аясында дайындалған монографиялардың тұсауы кесіліп, қатысушылар су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы ғылыми баяндамаларын таныстырды.

Жиынның модераторы, жоба жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Өмірзақов семинардың маңыздылығына тоқталып, су тапшылығы жағдайында экологиялық таза әрі тиімді шешімдер іздеудің өзектілігін атап өтті.

IMGL6532.jpg

IMGL6621.jpg

IMGL6638.jpg

IMGL6649.jpg

Семинар барысында «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Ландшафттану және табиғат мәселелері зертханасының бас ғылыми қызметкері Жұмахан Мустафаев «Научно-теоретические основы утилизации сточных вод в мелиорации» тақырыбында баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Таутенов сарқынды сулардың малазықтық дақылдардың өнімділігі мен сапасына әсері туралы ғылыми тұжырымын жариялады.  

Ал Сәулет және құрылыс өндірісі білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Абзал Шегенбаев «Технико и технологические схемы очистки сточных вод модульной станции» тақырыбында баяндама жасап, суды тазарту технологияларының тиімділігін атап өтті.

Сондай-ақ Су шаруашылығы және жерге орналастыру білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Қайрат Ақылбаев егістік жерлерді дайындау және суару режимін ұйымдастыру мәселелерін көтерді. Жаратылыстану институты директорының орынбасары Ерлан Шынбергенов Қызылорда облысының жағдайында мал азықтық дақылдары мен ағаш екпелерін инструменталды мониторингтеу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

IMGL6674.jpg

IMGL6683.jpg

IMGL6781.jpg

«Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың ғылыми қызметкері Индира Еспанова мен ЭЭ-24-1м оқу тобының магистранты Ұлан Алихан ауыл шаруашылығында жаңартылған энергия көздерін қолдану технологиясы туралы ойларын ортаға салды. «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхананың инженері Меруерт Төлегенқызы Қызылорда өңірінде күріш қалдықтарынан сорбенттер алу және оның сорбциялық қасиеттерін зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Алмасбек Бердібек қант құмайы дақылының су тапшылығы жағдайындағы су режимін оңтайландыру және төгінді суларды пайдалану мүмкіндіктері туралы ғылыми негізделген ұсынысын жеткізді.

IMGL6850.jpg

IMGL6855.jpg

IMGL6888.jpg

IMGL6971.jpg

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.


Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...