Вице-министр университет әлеуетімен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қазан 2025
  • 73

Вице-министр университет әлеуетімен танысты

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Сыр өңіріне сапары аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуетімен танысты. Вице-министрді қарсы алған университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова кампус-турда алдымен №1 оқу ғимаратындағы арнайы кабинеттерді көрсетті. Одан әрі Гүлзат Ізбасқанқызы «Шоқайтану» орталығындағы қазақ халқының азаттығы үшін күрескен Мұстафа Шоқай жөніндегі ғылыми мақалалар мен әдеби еңбектеріне шолу жасап, құнды деректерге қанықты. Вице-министр бастаған жұмысшы топ заманауи оқу құралдарымен жабдықталатын кітапхана құрылысымен де танысты. Ізденушінің білім көкжиегін кеңейтуге арналған нысанда 2 миллионға жуық кітап сақталады. Құрылысшылармен жұмыс барысын талқылаған Гүлзат Ізбасқанқызы күрделі жаңғыртудың сапалы әрі уақытылы аяқталуына сенім білдіретінін жеткізді.  

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.20.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.20 (1).jpeg

Мәртебелі мейман Студенттер сарайындағы «Open space» үлгісінде қайта ашылған кітапханаға да арнайы барды. Соңғы үлгідегі компьютер, ноутбук, 30 орындық конференц зал, 10 орындық кіші зал және студенттер үшін 40 орындық жеке орынмен қамтылған «Open Space» қызметіне жоғары баға берді. Вице-министр аралау барысында сирек кездесетін құнды кітаптарға ерекше назар аударды. Әсіресе 18 ғасырда көне корей тілінде жазылған көптомдық жинақтың мән-маңызына айырықша тоқталды. Сондай-ақ 1907 жылы Қазанда жарық көрген құран кітабына да қызығушылық білдірді.  

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.21.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.21 (2).jpeg

Сонымен қатар меймандар университет жанындағы студенттер мен оқытушыларға арналған жатақхананың жағдайымен де танысты. Жатақхана ішінде студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған демалыс бөлмелері мен оқу залы қарастырылған.
Одан әрі вице-министр №9 оқу ғимаратындағы «Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығына» барып, теңіздің құрғаған ұлтанын көгалдандыру жобаларымен танысты. Сонымен қатар «Зоологиялық мұражай», «Жалпы және бейорганикалық химия» оқу-зерттеу лабороториясы, «Микробиология және вирусология» және бірнеше ғылыми-әдісетемелік орталықтың жұмысын көрді.     

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.22.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.12.54.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.25 (2).jpeg

№5 оқу ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованы университеттің жас ғалымдары қарсы алды. Вице-министрге қауыз бен сабаннан алынған биочар, терра прета, целлюлоза, кремний диоксиді секілді ізденушілер өндірген өнімдер жөнінде кеңінен баяндалды. Сонымен қатар Корей мемлекетінің Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірлескен жобалар көрмесімен танысты. Білім алушылар жасанды интеллект, цифрландыру, робототехника бағытындағы жетістіктерімен бөлісіп, ауқымды жоспарларын ортаға салды.   

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.24 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.25.jpeg

Гүлзат Ізбасқанқызы бастаған топ жұмыс сапары соңында Ботаникалық бақта тал егіп, жасыл желектің артуына үлес қосты. Сонымен қатар күзгі жиын-терімге кіріскен жылыжайды аралап көрді. Вице-министр Сыр өңірінің басты білім ордасының  ғылыми-тәжірибелік прогреспен  қатар мәдени-спорттық, қоғамдық-әлеуметтік әлеуетті теңдей дамытуды оң жолға қойған жұмысына оң баға берді.

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.26 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-13 at 11.06.26.jpeg

 

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...