Сырбойылық студент халықаралық спартакиадада үздік атанды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 қазан 2025
  • 71

Сырбойылық студент халықаралық спартакиадада үздік атанды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті Ырыскелді Кенжебек Қостанай облысы, Жетіқара қаласында тоғызқұмалақтан өткен халықаралық спартакиаданың үздік ойыншысы номинациясына лайық деп танылды. 
Зияткерлік қарым-қабілет сыналатын сайыста республиканың барлық өңірі және көршілес мемлекеттерден келген спортшылар шеберлік байқасты. Ұлттық ойынды дамыту мен насихаттау бағытында ұйымдастырылған жарыста Ырыскелді ерекше ойын шеберлігін көрсетіп, төрешілердің жоғары бағасын алды.  

WhatsApp Image 2025-10-15 at 11.28.12.jpeg

Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп, студенттердің түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуына жан-жақты қолдау қарастырылған.

 

Корқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_2022@korkyt.kz

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...