Халықаралық ынтымақтастық нығаюда!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 18 қазан 2025
  • 106

Халықаралық ынтымақтастық нығаюда!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті әлемдік ғылым мен білім кеңістігіне сенімді қадам басуда. Соңғы аптада университет қабырғасында түрлі елдердің жетекші ғалымдары дәріс оқып, бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлық бағыттарын талқылады.

Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Болта Кахоров биология мамандығының студенттеріне дәріс оқып, заманауи физиология мен экологиялық биология саласындағы тың зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Кездесу барысында екі университет арасында «Биология» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

54feb5a7-750b-4820-ab69-00e4a13fea3a.jfif

ccb0e391-0cea-4b7b-8970-ff067ea35200.jfif

c2921d25-a800-4095-8872-ec24d95971ff.jfif

Сондай-ақ Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының профессоры, техника ғылымдарының докторы Абдурахим Сулейманович Бердышев Қорқыт ата университетінің «Электр энергетикасы» білім бағдарламасы аясында дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Ал Португалияның Лусофона университетінен келген профессорлар Сергей Любчик пен Андрей Любчик университеттің химия саласындағы ғалымдарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын бастады. Олардың ғылыми ізденістері ауыл шаруашылығы мен экологиялық қалдықтардан жаңа сорбенттер мен көміртекті материалдар алу, су тазарту технологияларын жетілдіру, ауыр металлдар мен токсиндерді бейтараптандыру, сондай-ақ өсімдік негізіндегі материалдардан биоактивті қосылыстар мен дәрілік заттар жасау бағыттарына бағытталған.

a3edd516-cd7a-4d01-a96b-2d5e5575a8d4.jfif

fd975a92-204c-4512-b7aa-422fb0daa131.jfif

Профессорлар Қорқыт ата университетінің студенттерін Португалияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Бұл кездесулер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, білім алушыларға әлемдік ғылым кеңістігіне жол ашатын маңызды қадам болды.

Университет алдағы уақытта да шетелдік серіктестермен бірлесіп ғылыми жобалар, тағылымдамалар мен зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырады.

Қорқыт ата университеті – ғылым мен білімнің халықаралық кеңістігіндегі сенімді серіктес!

d5e571d5-5138-41d8-8a8f-0cda70e6d280.jfif

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...