Айдос Сұлтанғалиға “Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль” табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 20 қазан 2025
  • 70

Айдос Сұлтанғалиға “Қорқыт Ата атындағы Алтын медаль” табысталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған университет түлегі Айдос Сұлтанғалиды қабылдады.
Айдос Сұлтанғали 2014–2018 жылдары Қорқыт ата университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған. Ол студенттік жылдарында спорттағы жоғары нәтижесімен, табандылығымен және үлгілі мінезімен көзге түсе білді.

WhatsApp Image 2025-10-20 at 12.15.38 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-20 at 12.15.39 (2).jpeg

Кездесу барысында ректор Бейбіткүл Каримова чемпионды тарихи жеңісімен құттықтап, университеттің ең жоғарғы марапаты «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальді» табыстады.
«Сіз өз жеңісіңіз арқылы қазақ спортының абыройын асқақтатып, еліміздің атын әлемге таныттыңыз. Бұл – үлкен еңбектің, мақсатқа деген адалдықтың жемісі. Қорқыт ата университеті Сіздей түлектерімен әрдайым мақтанады», – деді университет басшысы.
Айта кетейік, жуырда Хорватияның Загреб қаласында өткен Әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қарсыластарына мүмкіндік бермей, жеңімпаз атанды. 

WhatsApp Image 2025-10-20 at 12.15.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-20 at 12.15.38.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-20 at 12.15.39.jpeg

Бұл – Қазақстан спортшылары үшін грек-рим күресінен 1999 жылдан кейінгі алғашқы алтын медаль.
Айдос Сұлтанғали бұған дейін 2018 және 2022 жылдары Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Ал биылғы жеңіс – оның табандылығы мен ерен еңбегінің жемісі.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...