24 қандасқа арнайы білім гранты табысталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қазан 2025
  • 56

24 қандасқа арнайы білім гранты табысталды

Сыр өңірінің басты білім ордасында қандастарымызды тарихи отанына шақырып, білім нәрімен сусындауына мүмкіндік жасауға айырықша мән беріледі. Өткен жылы 21 қандас тегін оқуға қабылданды. Ал ағымдағы жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова 20 бакалавриат пен 4 магистратура бағдарламасы бойынша қандастарға арнайы білім грантын табыстады. Жалпы жаңа оқу жылында Қорқыт ата университетінде оқуға ниет білдірген өзге мемлекет азаматтарының саны едәуір артып отыр. Ақылы бакалавриатқа 687, грантқа 6 шетелдік қабылданды. Сондай-ақ өзге елдің 6 азаматы ақылы негізде магистратураға түсті. Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген студенттер университетте өткен оқу жылдарынан бері оқып жатса, бұл тізім жаңа оқу жылында Түрікменстаннан келген білім алушылармен толықты.

IMGL9310.jpg

IMGL9339.jpg

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...