«Жастар – егемен елдің жарқын келешегі» республикалық жас ғалымдар форумы өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2025
  • 144

«Жастар – егемен елдің жарқын келешегі» республикалық жас ғалымдар форумы өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде еліміздің жас зерттеушілерін, ғылымға құштар жастарды біріктірген «Жастар – егемен елдің жарқын келешегі» республикалық жас ғалымдар форумы өтті.

Іс-шараны университеттің Ғылым департаменті мен Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастырды.

IMGL0092.jpg

Форумның басты мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, зерттеу бағыттарын таныстыру және еліміздің ғылыми қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту.
Форум жұмысына еліміздің жетекші жоғары оқу орындарынан келген жас ғалымдармен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Жиынның ашылу салтанатында Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай құттықтау сөз сөйлеп, университетте жас ғалымдарды қолдауға бағытталған жұмыстар туралы баяндады.

«Университетте 2021 жылдан бастап жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне арнайы грант бөлініп келеді. 2021 жылмен салыстырғанда орындалған жобалардың саны үш есе артты. 2025 жылы жалпы сомасы 829 миллион теңгені құрайтын 32 ғылыми жоба жүзеге асырылуда», – деді проректор.

IMGL0113.jpg

IMGL0110.jpg

Форум барысында қатысушылар өз ғылыми еңбектерін ұсынып, тәжірибе алмасу алаңында пікір алмасты. Сонымен қатар, Zoom платформасы арқылы еліміздің әр өңірінен жас ғалымдар онлайн түрде қосылып, өздерінің зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Баяндамаларда экология, білім беру, энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект, жасыл экономика, инновациялық технологиялар мен гуманитарлық ғылымдар бағыттарындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Жиын соңында қатысушылар ғылыми ізденістің маңыздылығын атап өтіп, университеттің ғылым саласындағы бастамаларына қолдау білдірді.

IMGL0180.jpg

«Жастар – егемен елдің жарқын келешегі» атты форум жас ғалымдардың өзара байланысын нығайтып қана қоймай, жаңа идеялар мен бірлескен жобаларға жол ашты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті алдағы уақытта да жастардың ғылыми белсенділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...