Шанжархан Бекмағанбетовтің 75 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қазан 2025
  • 106

Шанжархан Бекмағанбетовтің 75 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын Шанжархан Бекмағанбетовтің 75 жылдық мерейтойына арналған «Генетикалық тіл ғылымы – гуманитарлық білімнің заманауи жаңа бағыты: зерттелуі, мәселелері, болашағы» атты ІІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылары, ғалымның әріптестері, шәкірттері мен студенттер қатысты.

02.JPG

01.JPG

Жиында мерейтой иесі Шанжархан Бекмағанбетов «Генетикалық тіл ғылымы – жаңаша ойлау жүйесі» тақырыбында баяндама жасап, ғылыми бағыттың ерекшелігі мен маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қырғыз Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, филология ғылымдарының докторы Сыртбай Мусаев, филолог-аудармашы Рабиға Құлжанова, филология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Тыныштық Ермекова, филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ханшайым Қарабаева, филология ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Ырысгүл Шақаман, филология ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультеті, Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасының доценті Нұрдәулет Алдашов, филология ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Жеңіс Садуақасұлы және филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры Күлдірсін Сарышева баяндама жасап, тіл білімінің даму бағыттары мен генетикалық лингвистиканың ғылыми әлеуетін талқылады.

033.JPG

04.JPG

Шанжархан Бекмағанбетов – Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Қазақ творчестволық бірлестігі жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, ақын. Ол 1950 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданының Қасқақұлан ауылында дүниеге келген.

Ғалымның ғылыми еңбектері мен оқулықтары қазақ тіл білімінің дамуына айрықша үлес қосып келеді. Оның «Қазақ тіліндегі түсіндірмелі қатынастағы құрмаластардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері» (2009 ж.), «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» (1999 ж.), «Тіл генетикасы: тілдік таңбанышандық жүйе» (2014 ж.) атты ғылыми еңбектері мен «7 Лекций по теории генетической лингвистики» (2020 ж.) оқу құралы ғылыми ортада кеңінен танылған.

05.JPG

077.JPG

08.JPG

2025 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Оқу-әдістемелік бірлестігі шешімімен ғалымның жоғары оқу орындарына арналған екі томдық «Генетикалық тіл біліміне кіріспе» оқулығы жарық көрді. Сондай-ақ оның 70-тен астам ғылыми мақаласы мен 2010 жылы шыққан «Жүректегі жазулар» атты жыр жинағы бар.

Ғалымның еңбегі еленіп, ол Халықаралық «М.Шолохов» медалімен, Қорқыт Ата медалімен, Қызылорда облысы әкімінің Алғысхаттарымен, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен марапатталған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...