Қыран елім, тұран төрім, Қазақстан!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қазан 2025
  • 147

Қыран елім, тұран төрім, Қазақстан!

Еліміздің ұлық мерекесі 25 қазан – Республика күніне орай Қорқыт ата университетінде «Қыран елім, тұран төрім, Қазақстан!» атты мерекелік жиын өтті. Салтанатты шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Каримова айшықты мерекенің мән-маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2025-10-24 at 19.33.55 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-24 at 19.33.55.jpeg

«Тәуелсіздік – жан-тәніңмен сүйіп, ізгі көңілмен елжірейтін қастерлі сый. Кемеңгер болып, дәуірінен озып туған қаншама арыстарымыз азаттықтың ақ таңын атыруға аянбай  атсалысты. Қатал уақыт, қатыгез тарих пен замана дауылы көбісінің кемесін қайраңға батырды. Дегенмен толассыз күрес ақыры өз бақытын тарту етті. Ендігі міндет егемен еліміздің өркениетке ұмтылған көшін түзеу. Жас мемлекетті қалыптастырып, ғылым және жоғары білім саласының дамуына біздің университет ұжымының да еңбегі айрықша. Оқу орны заман талабына сай технологиялық тұрғыда түрленіп, зияткерлік сипатта жаңа кезеңге қадам басты. Ізденуші, білім алушы жастарымыздың алаңсыз білім нәрімен сусындап, түрлі зерттеулермен айналысуына соңғы үлгідегі зертханалар мен тәжірибелік алаңдар жасақтап бердік. Шетелдік ғалымдарды тартып, өзге мемлекет университеттерімен байланыс орнаттық. Енді тек кейінгі буын жастардың алдында жиған-терген ілімді ел дамуына жұмсау міндеті тұр», - деді ректор.

Жиын барысында Бейбіткүл Сәрсемханқызы еселі еңбегімен дараланып, білім ордасын өркендету жолында белсенділігімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

WhatsApp Image 2025-10-24 at 19.33.55 (2).jpeg

f22155b9-e2f3-44f6-aae8-66e36342fc51.jfif

9cd02d9e-6329-403e-9fee-efc1ef798f01.jfif

219ac5cb-f11d-41a3-b305-4a1d0c38508c.jfif

Мерекелік шара облыстық филармонияның «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі өнерпаздарының концертімен жалғасты. Сахнада отандық композиторлардың елді сүю, туған жерді аялауға үндейтін патриоттық туындылары мен халық әндері шырқалды. Әсіресе дәулескер күйші Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Қазанғаптың «Ақжелең» сынды әсерлі шығармалары мен Ақан Серінің «Маңмаңгері» кеш көркін кіргізді. Ұлттық аспабтармен тәрбиелік танымы мол, дидактикалық сарындағы әуендерді нақышына келтіре орындаған «Ақмешіт» фольклорлық ансамбліне көрермендер риясыз қол соқты.

25 qazan (2).JPG

25 qazan (3).JPG

25 qazan (1).JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...