Қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір - «Ерен еңбегі үшін»» медалімен марапатталды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қазан 2025
  • 103

Қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір - «Ерен еңбегі үшін»» медалімен марапатталды

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Мұстафа Шоқай ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңірінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады. Құрмет төрінен көрінгендер қатарында журналист, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Қошқарұлы да бар.  

Әбдіжәлел Қошқарұлы - Алаш қайраткерлерін терең зерттеген алаштанушы. Оның ішінде әсіресе Мұстафа Шоқайдың орыс, француз, неміс, ағылшын тілінде жарық көрген мақалаларын қазақ тіліне аударуға өлшеусіз еңбек сіңірген.

Ғалым-ұстаздың зерттеулері мен ғылыми ізденістері – тек білім мен ғылым саласында ғана емес, жалпы ұлт руханиятының дамуына ықпал еткен құнды мұра. Әбдіжәлел Қошқарұлының ұлт мүддесін қорғаудағы қайраткерлік жолы, ғылыми жаңалықтары мен ұстаздық тағылымы болашақ ұрпақ үшін үлгі болып қала бермек. 

DSC_7998.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...