Қорқыт ата университеті мен Түркия ғалымдары жаңа ғылыми жоба әзірлеуде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 04 қараша 2025
  • 92

Қорқыт ата университеті мен Түркия ғалымдары жаңа ғылыми жоба әзірлеуде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова Түркия Республикасының Сакарья университетінің профессоры Махмут Озачарды қабылдады.
Түркиялық профессор жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына шетелдік сарапшыларды тарту бағдарламасы аясында Қорқыт ата университетіне келіп, университет ғалымдарымен бірлесіп онлайн және офлайн форматтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

WhatsApp Image 2025-11-04 at 17.35.17.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-04 at 17.47.11.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-04 at 17.35.16.jpeg

Қазіргі таңда ол «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының ғылыми қызметкерлерімен бірге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына жоба әзірлеу үстінде. Жоба тақырыбы: «Әртүрлі мақсаттарда қолданылатын күріш сабанынан алынған целлюлоза және оның туындыларына негізделген функционалды гидрогельдерді әзірлеу». 
Бұған дейін профессор Махмут Озачар Қорқыт ата университетінің ғалымдарымен бірлесіп Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми базаларында индекстелген журналдарда бірнеше мақала жариялаған.
Кездесу барысында тараптар ғылыми бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобалар мен зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...