«ENBEK FEST» республикалық жастар слеті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қараша 2025
  • 50

«ENBEK FEST» республикалық жастар слеті

Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында  «ENBEK FEST» республикалық жастар слеті өтті. Бұл шара еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ден астам жасқа өзара тәжірибе алмасып, кәсіби даму бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Іс-шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің атынан «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының бөлімше төрағасы қатысты.

WhatsApp Image 2025-11-05 at 12.03.37 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-05 at 12.03.38 (1).jpeg

Үш күнге созылған бағдарлама аясында қатысушылар түрлі тақырыптық кездесулерге, топтық жұмыстарға және шеберлік сабақтарына қатысып, еңбек нарығындағы өзекті мәселелер мен жастардың рөлі жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар, елдегі танымал кәсіпорындардың жетекшілерімен жүздесіп, олардың кәсіби жолындағы табысқа жету тәжірибесімен танысты.
Жастар үшін өндірістік және өнеркәсіптік нысандарға экскурсиялар ұйымдастырылып, көшбасшылық қабілетті арттыруға бағытталған тренингтер, интеллектуалды ойындар, және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.

WhatsApp Image 2025-11-05 at 12.03.37.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-05 at 12.03.38.jpeg

«ENBEK FEST» республикалық жастар слеті – жұмысшы жастар мен ауыл жастарының кәсіби әлеуетін арттыруға, еңбек беделін көтеруге, және жаңа идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Бұл бастама еліміздің еңбекқор жастарының бірлігін нығайтып, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға серпін береді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...