Профессор Алданияз Ерғалауов атындағы дәрісхана ашылды           
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 қыркүйек 2022
  • 1663

Профессор Алданияз Ерғалауов атындағы дәрісхана ашылды           

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында оқу орны жаңа дәрісханамен толықты. Саналы ғұмырын ұстаздық етуге, шәкірт тәрбиелеуге арнаған филология ғылымдарының кандидаты, профессор Алданияз  Ерғалауов есімі дәріптелді.
 «Ғалымның өнегелі өмір жолы, азаматтық  биік болмысы, қоғамға сіңірген еңбегі артына өшпестей із қалдырды. Ендігі біздің міндетіміз осындай тау тұлғалы азаматтарымызды кейінгі жас ұрпаққа насихаттап, сол кісілердің ізін жалғаушы жастарды тәрбиелеу.
Жаңа дәрісхана білім алушылардың сапалы білім алуына, ғылыми ізденістер мен жаңа идеяларды іске асыруларына септігін тигізеді деп білемін»,-деді Бейбіткүл Кәрімова.
Ғұмырын ғылыми-шығармашылық жұмысқа арнап, қазақ-ағылшын тілдерінің сөзжасамдық, грамматикалық, морфологиялық, стильдік тұрпаттарына талдау жасауға арнаған ғалымның 30-дан астам ғылыми еңбегі мен оқулығы жарық көрді.
Салтанатты шарада Алданияз  Ерғалауовтың баласы Қадырнияз Алданиязұлы университеттің стратегиялық дамуына қосқан үлесі үшін «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен» марапатталды. Сонымен қатар, оқу орнының естелік кәдесыйлығы табысталды.
Жаңа дәрісхананың лента қию рәсіміне Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы мен ардагерлер Кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенұлы қатысып, қатысушыларға профессордың еңбегі туралы баяндады.
Жиынға Алматыдағы АҚШ бас консулдығының өкілдері, директорлар кеңесінің мүшелері, профессор Алданияз Ерғалауовтың туыстары, белгілі қоғам қайраткерлері, университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

IMGL8763.JPG

IMGL8652.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...