Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – басты назарда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 қараша 2025
  • 47

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру – басты назарда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қызылорда облысының Әділет департаменті өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету бағытындағы ынтымақтастықты нығайту және студенттердің тәжірибелік дағдыларын кеңейту болды.
Іс-шара барысында тараптар құқықтық ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, халыққа кеңес беру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Кездесуге Қызылорда облысының Әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Еркін Тажикенов, сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Жандос Абсат, құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Айгүл Қосбергенова қатысты.

WhatsApp Image 2025-11-07 at 17.36.55.jpeg

Мамандар студенттермен еркін форматта пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында заң саласындағы өзекті тақырыптар қозғалып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық білімін тереңдетіп, болашақ кәсіби өмірінде маңызды тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...