«Ecolife» клубы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуда
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 10 қараша 2025
  • 19

«Ecolife» клубы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысуда

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламасының “Ecolife” клубы №233 орта мектеп оқушыларымен бірлесіп “Қалдықтарды сұрыптап жинау мәдениетін қалыптастыру” атты экоакция өткізді. Шара барысында оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау жолдары түсіндіріліп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түрлі танымдық тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.57.19.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.57.20.jpeg

Экоакцияның басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, таза әрі қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыруға ынталандыру болып табылады.
Айта кетейік, бұл экологиялық бастама мамыр айына дейін жалғасып, Қызылорда қаласындағы бірқатар мектептерде өткізілмек.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...