Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 12 қараша 2025
  • 25

Хабарландыру

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы «Жаңа Қазақстан – білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты патриоттық жобасы аясында «Ғылым қайраткері» атты республикалық байқауын өткізетіндігін хабарлаймыз.

Іс-шараның мақсаты: Ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерін, профессорлар мен ғалымдарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушыларын қолдау және олардың ғылыми жетістіктерін насихаттау; ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін дәріптеу; зерттеу мәдениетін дамыту және отандық ғылымның беделін арттыруға бағытталған шығармашылық бастамаларды қолдау

Байқау екі кезеңнен тұрады. I кезең - бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын, басылымдарға жарияланған ғылыми мақалалар тізімін жіберуі қажет. Сондай-ақ жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар 2025 жылдың қараша айының 21-не дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына өтініш кестесімен бірге қабылданады

 
Қосымша

Өтініш

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...