Тәртіп сақшылары студенттерге ерлік пен елдіктің мәнін түсіндірді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қараша 2025
  • 120

Тәртіп сақшылары студенттерге ерлік пен елдіктің мәнін түсіндірді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, жастар арасында патриоттық рухты арттыру және «Адал азамат» біртұтас тәрбие идеяларын насихаттау.

WhatsApp Image 2025-11-13 at 09.50.25.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 09.49.02.jpeg  

 WhatsApp Image 2025-11-13 at 09.49.04 (2).jpeg


Кездесуге Қызылорда облысының Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, полиция капитаны Аида Шарипова, сондай-ақ полиция басқармасының бөлім және батальон инспекторлары – полиция капитаны Азамат Кадиров, полиция аға лейтенанттары Сүлеймен Камалов, Айдархан Кенжебекұлы, Шыңғыс Жалғасбай, полиция капитаны Лаура Төлекова, полиция капитаны Бектур Сатенов және университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.

WhatsApp Image 2025-11-13 at 09.49.04.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 09.49.04 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 09.50.25 (1).jpeg

Жиын барысында ардагерлер мен қызметтегі полиция өкілдері өздерінің қызмет жолындағы тәжірибелері мен қызықты оқиғаларын бөлісіп, болашақ заңгерлерге ізгі тілектерін арнады.Басқосу соңында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Марат Садыковқа Университет ректорының «Алтын медалі» табысталды. Сонымен қатар, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылары Қызылорда облысы Полиция департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Осындай шаралар жас ұрпақтың елжандылық рухын қалыптастырып, олардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттыра түсті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...