Қорқыт ата университеті мен Қазақстан студенттер альянсы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қараша 2025
  • 44

Қорқыт ата университеті мен Қазақстан студенттер альянсы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан студенттер альянсының төрағасы, Республикалық студенттік Омбудсмен Ұлан Наукен және «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Расул Базарханұлымен кездесу өтті.
Жиынды Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай ашып, білім алушыларға көрсетіліп жатқан қолдау мен университеттегі 22 жастар ұйымының қызметі туралы баяндады. Сондай-ақ студенттік өзін-өзі басқару, студенттік омбудсмен мен студенттер альянсының жұмысына тоқталды.

WhatsApp Image 2025-11-13 at 18.04.00 (2).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 18.04.00.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 18.04.01.jpeg

Кездесу барысында Ұлан Наукен Қазақстан студенттер альянсы 2005 жылы 14 сәуірде құрылғанын және биыл ұйымның 20 жылдық мерейтойы екенін атап өтті. Сонымен қатар қазіргі таңда «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттер қозғалысы 110-нан астам жоғары оқу орындары және еліміздің 500-ден астам колледждерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

WhatsApp Image 2025-11-13 at 18.04.00 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 18.04.02.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-13 at 18.04.02 (1).jpeg

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қорқыт ата университеті мен Қазақстан студенттер альянсы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.  Басқосу  соңында тараптар өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, олардың құқықтарын қорғауға және студенттік бастамаларды қолдауға бағытталған.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...