«BEST STUDENT – 2025» халықаралық қашықтық олимпиадасы өтеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 қараша 2025
  • 29

«BEST STUDENT – 2025» халықаралық қашықтық олимпиадасы өтеді

«Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен «BEST STUDENT – 2025» атты студенттерге арналған онлайын халықаралық олимпиадаға құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Олимпиадаға құжаттар қараша айының 20-на дейін қабылданады.
Құжаттар:
* Ғылым саласында,
* Өнер саласында,
* Спорт саласында,
* Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады. Олимпиадаға ЖОО және колледж студенттері қатыса алады.
Олимпиадаға қатысушыларына:
* «BEST student – 2025» атты электронды журнал;
* І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
* Бас жүлде иегеріне Астана қаласында өтетін республикалық «Үздік студент»
форумына тегін жолдама алады.
* Жетекшісіне «Жасанды интеллект арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсына тегін қатысып, KPI жарамды сертификатқа ие бола алады;
Байқауға қатысу шарттары:
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (жеткен жетістіктері жайлы ақпаратты қосып), 3х4 форматтағы сапалы суретін (1 дана) және студенттік өмірде түскен 4-5 дана фотосуреттерін (JPEG форматта) 2025 жылдың қараша айының 20-на дейін lider.student@mail.ru электронды почтасында немесе +7 708 244 3605
WhatsApp номерінде қабылданады.

1 курс студенттеріне мектеп қабырғасындағы, яғни 9-11 сынып кезіндегі жеткен жетістіктерін жіберсе болады. Байқауға құжаттар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады.
Олимпиаданың марапаттау рәсімі Zoom қосымшасы арқылы online түрде өтеді. Олимпиада нәтижесі бойынша қорытынды іріктеліп алынған студенттердің жеке почталарына жіберілетін болады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz

Толығырақ

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...