- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- Киберқауіпсіздік офицері
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап бөлімі
- Жұмыс берушілер кеңесі
- 2024-2025 оқу жылына арналған магистратура бойынша кәсіби бағдар беру жол картасы
- Шетелдік студенттер санын көбейту мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
- Жасанды интеллект институтының кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша 2024-2025 оқу жылына жылдық жұмыс жоспары
- Түйіндеменің үлгісі
- «Upgrade» алаңы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму бағдарламасы
- Корпоративтік басқару
- Директорлар кеңесі
- Корпоративтік хатшы
- Корпоративтік оқиғалар
- Корпоративтік құжаттар
- Директорлар кеңесінің отырыстары
- Директорлар кеңесінің комитеттері
- Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
- Басқарма
- Басқарма отырыстары
- Ішкі аудит қызметі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
- Жалғыз акционердің шешімдері
- Жылдық қаржылық есептілік
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Тәуекелдердің жиынтық картасы
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
- ТДМ
- Тұрақты даму саласындағы саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары саласындағы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
- «Білім беру және зерттеу арқылы Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету» атты дөңгелек үстел
- Қорқыт ата университетінде жасыл экономика мен құрылыс саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті
- Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған семинар өтті
- Барлық мүдделі топтар үшін 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды талқылауға арналған семинар
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде экоклуб құрылды
- Тұрақты даму саласындағы саясатын жүзеге асыру тетігі
- Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі маман
- Ғылыми жобалар
- Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы
- Тұрақтылық бойынша білім беру бағдарламалары
- Тұрақты даму жөніндегі уәкілеттілер
- Инклюзивті білім беру орталығы
- Тұрақты мемлекеттік сатып алу саясаты
- Күн электр станциясы
- Инклюзивті Инфрақұрылым схемасы
- Тұрақты даму саясатын жүзеге асыру бойынша 2024-2025 оқу жылындағы есебі
Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды
Қызылорда облысы әкімдігі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері: тарих, таным және тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының ірі өкілі, түркі дүниесінің ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жылы аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінің ғалымдары мен зерттеушілері, БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, магистранттар мен докторанттар бас қосты. Конференция жұмысы пленарлық және секциялық отырыстар түрінде өтті. Ғалымдар мен сарапшылар Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, саяси-қоғамдық қызметі, публицистикалық және ағартушылық еңбектері, сондай-ақ оның идеяларының қазіргі кезеңдегі өзектілігі жөнінде баяндамалар жасады.



Шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай жүргізіп, конференция жұмысына тоқталды.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде кіріспе сөз Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Мейрамбек Шермағанбетке берілді. Пленарлық мәжілісте Түркия, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қара Әбдіуақап, АҚШ, Мичиган университетінің құрметті профессоры, филология ғылымдарының докторы Тимур Кожаұлы (онлайн). Халықаралық ислам академиясының профессоры тарих ғылымдарының докторы Саидакбар Саидович, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаһромон Раджабов, Азербайжан ҰҒА тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гюллю Йологлу, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент, Төрәлі Қыдыр, PhD, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар мен жасөспірімдер әдеби жанрлық кеңесінің төрағасы Елдос Тоқтарбай, Мұстафа Шоқайтану ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір баяндама жасады.




Конференцияның негізгі мақсаты – Мұстафа Шоқайдың саяси-құқықтық, публицистикалық және ағартушылық мұрасын кешенді түрде зерттеу, оның мемлекетшілдік идеяларының қазіргі кезеңдегі өзектілігін айқындау және Мұстафатану ғылымының дамуына жаңадан серпін беру.
Басқосу Мұстафатану ғылымының институционалдық негізін нығайтуға, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және түркі мемлекеттерінің ғылыми байланыстарын кеңейтуге бағытталды.
Олардың қатарында белгілі тарихшылар, филологтар, мәдениеттанушылар және архив мамандары бар.
2016 жылы университет базасында құрылған «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығы бүгінде жүйелі бағытта жұмыс істейді. Ғылыми орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен бірнеше ғылыми жобаларды жүзеге асырып келеді. Жоба нәтижесінде «Мұстафа Шоқай энциклопедиясы», бірнеше монография, оқу құралдары жарық көрді.


Айта кетсек, 2023 жылдан бастап университеттің тарих мамандығы бағдарламасына «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты» атты 4 кредиттік пән енгізілді.
Конференция соңында қатысушылар Мұстафа Шоқайдың еркіндік пен әділет жолындағы күресі – қазіргі Қазақстанның тарихи жадын, рухани тәуелсіздігін және мемлекетшілдік дәстүрін қалыптастырудағы маңызды іргетас екенін атап өтті.
Конференция жұмысы қорытындысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан тұрақты түрде жұмыс істейтін «Мұстафа Шоқай мұрасын зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми кеңес» құру, Мұстафа Шоқайдың шығармашылық және саяси мұрасын цифрландыру, оның еңбектерінің толық академиялық жинағын (мультитілдік форматта) дайындау және
ашық электрондық «Mustafashokay.kz» цифрлық платформасын іске қосу. Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына арналған халықаралық ғылыми еңбектер жинағын басып шығару және тарату секілді ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, алаш қайраткерлерінің есімдерін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қызылорда қаласында дарияның сол жағалауында «Алаш қайраткерлері аллеясын» ашу және Қызылорда облысы, Шиелі ауданынын «Мұстафа Шоқай» ауданы деп атау ұсынылды.
Сондай-ақ, Филология ғылымдарының докторы, Қорқыт ата университетінің Құрметті профессоры, Ғарифолла Әнес көзі тірісінде Алаш арыстарының мұрасын табу, зерттеу және соның ішінде "Арыс" баспасы арқылы Мұстафа Шоқай мұраларын жариялау ісіне мол үлесін қосқан. Кездесуде Ғарифолла Әнестің рухына арнап ұрпақтары жинақтап шығарған 5 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесіліп, университет кітапханасына өткізді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: media_korkyt@mail.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
AI-Sana бағдарламасы
толығырақ...
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...