Адалдық құндылықтарын дәріптеген студенттік шара
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 17 қараша 2025
  • 49

Адалдық құндылықтарын дәріптеген студенттік шара

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Шет тілдері және аударма» білім беру бағдарламасы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – тұрақты қоғамның негізі тақырыбында сайыс өтті.

IMGL7126.jpg

IMGL7151.jpg

Сайыстың мақсаты қоғамның түрлі ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру және саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау.
Білім алушылар сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қоғамға тигізетін теріс әсерін жан-жақты талқылап, оған қарсы күресте білім мен жүйелі іс-қимылдың маңызын ерекше атап өтті.

IMGL7179.jpg

IMGL7173.jpg

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен сайыста Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мира Бибитова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда Облысы бойынша филиалының директоры з.ғ.к. ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент бойынша сертификатталған аудитор Ақзада Мадалиева, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, Полиция капитаны Аида Шарипова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ғанибек Отарбаев төрелік жасады.

IMGL7261.jpg

IMGL7203.jpg

Сайысқа алты команда қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынады. Әр команда өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салып, 5 балдық жүйе бойынша бағаланды.

Нәтижесінде «Ақиқат» - І орын, «Адал ұрпақ» - ІІ орын және «Әділет жаршылары» командасы - ІІІ орын иеленді.Үздік командаларға арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

IMGL7274.jpg

IMGL7282.jpg

IMGL7349.jpg

IMGL7373.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
 e-mail: media_korkyt@mail.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...